
2023 жылдың 19 қазанында Риддер қаласының Мәдениет сарайында жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, МӨСБ-1 және ӨСБ-14 қызметкерлерінің қатысуымен «Мамандық – құтқарушы» іс-шарасы өтті. Кітапхана қызметкерлері дайындаған слайд-презентацияда құтқарушылардың азаматтардың өмірін, денсаулығын және қауіпсіздігін сақтаудағы сан қырлы жұмысы туралы айтылды.
Шара аясында Риддер қаласының әкімі Батырбаев Д.Б. құттықтау сөз сөйлеп, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін сертификаттар табыс етті.
Риддер қ. ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Тарасов Е.В. әріптестерін құттықтап, азаматтық қорғау органдарындағы мінсіз қызметі, жоғары кәсібилігі, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерді атап өтті.
Қаланың шығармашылық ұжымдары құтқарушылар мен ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
2023 жылдың 19 қазанында Шемонаиха қаласында өрт сөндірушілер арасында кроссфит бойынша жарыс өтті. Онда азаматтық қорғау қызметкерлерінен 7 команда қатысты. Сайыста Риддер қаласының қызметкерлері құрметті 3 орынды иеленді.