
Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні аясында ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің" қызметкерлері шағын футболдан турнирге қатысты.
Бірнеше сағат ішінде өрт сөндірушілер "өртке қарсы алаңын" футбол алаңына ауыстырды.
16 команда мен 160 өрт сөндіруші жеңіске ие болу үшін шайқасты, оның ішінде М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының аймақтық оқу орталығының қатысушылары да бар.
Футбол алаңында өрт сөндірушілер қызметтегідей үйлесімділік пен командалық ойын көрсетті. Өрт немесе төтенше жағдай орын алғанда, жылдар бойы бірге жұмыс істеген әрекеттер апатты жеңуге әкеледі.
Табанды күрес нәтижесінде Өскемен қаласы № 4 өрт сөндіру бөлімі мен басқарма аппаратының құрама командасы бірінші орынды қанжығаға байласа, Катонқарағай ауданының №26 және №27 өрт сөндіру бөлімдерінің қатысушылары 2 орынды сенімді түрде иеленді, ал Самаре ауылының №32 ӨСБ өрт сөндірушілері ең мықты үштікті жапты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар мен грамоталарға ие болды.
Турнирдің үздік қақпашысы №32 ӨСБ өрт сөндіруші - құтқарушысы Олжас Сембинов, Үздік қорғаушы - өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Эльдар Шаймарданов, Үздік шабуылшы - аға нұсқаушы-құтқарушы Аслан Советов болды.
"Турнир бөлімшелердің жеке құрамының дене күш дайындығын сақтау мақсатында өткізілді, ұжымның бірігуіне ықпал етеді. Бұл спортта біздің қызметкерлер өте жақсы дайындық деңгейін көрсетті. Ойын қызықты да тартысты өтті",-деп атап өтті ШҚО ТЖД" Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі