Көмекке келу – ешнәрсемен теңеуге келмейтін сезім

Көмекке келу – ешнәрсемен теңеуге  келмейтін сезім

Ерік Бұлғымбаев  батылдық, шыдамдылық, табандылықты қажет ететін, ауладағы әр бала армандайтын кәсіпті таңдады. Альпинизммен шұғылданып жүріп достарынан кездейсоқ жедел-құтқару жасағына қабылдау жүріп жатқаны туралы естиді, сол кезден бастап азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет еткеніне 20 жылдан астам уақыт өткен.

Ол табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бірнеше мәрте қатысқан. Еріктің қоржынында ондаған құтқарылған өмір бар.

- Сіз үшін ең қиын да қызықты құтқару операциясы қандай болды? Осы туралы толығырақ айтып беріңізші.

 Ең күрделі құтқару операциясы Белуха тауында. Ол жерде туристер үнемі  түрлі оқыс оқиғаларға тап болып жатады. Түрлі қиын жағдайларда жұмыс істеуге тура келген, бірнеше күн қатарынан іздестіру жұмыстарын жүргізген кездер  де болды. Шатқал арасындағы жарықтарға түсу қиын. Бұл жерде командамен бірлесіп жұмыс істеу маңызды, шыдамдылық пен табандылық көрсету керек. Себебі барлық іздеу операциялары сәтті бола бермейді ғой, кейде тіпті қаза болғандарды да іздеп жатамыз.

- Қызмет еткен жылдары нені мақтан етесіз?

Жұмысым адамдармен тығыз байланысты. Бұл ең ізгілікті, мәнді мамандық. Көмекке келу – ешнәрсемен теңеуге келмейтін сезім.... Көп рет балаларды құтқаруға қатыстым, барлығын есте сақтау мүмкін емес. Жаным жай тапқан, арым таза. Алайда кейде адамды құтқаруға емес, оның денесін іздеуге бара жатқанда әлі күнге дейін уайымдаймын.

Жас мамандарды қалай оқытып-үйретесіздер?

Әр адамға әртүрлі жол табу керек. Кейбірінің көздері жанып тұрса, ал кейбіріне өз ісіне деген махаббатын ояту үшін біраз уақыт қажет. Біз асықпаймыз, біз адамға өз-өзін танып, ашылуы үшін уақыт береміз.

- Хоббиіңіз бар ма?

Альпинизм. Тауды жақсы көремін. Ол жерде мен өзімді үйде жүргендей еркін сезінемін.

Өзіңіздің ең ауыр шешім қабылдаған кезіңіз туралы айтыңызшы

Қандай да болмасын құтқару операциясын орындауға жіберген әріптесті күткен кез. Өзге үшін алаңдағанша өзіңнің барғаның жақсы. Бірақ та командамен жұмыс істеу дегеніміз осы –  әркімнің өз міндеті бар. Біреуісі сақтандыру үшін тұрады, ал екіншісі тәуекелге барады...

Отбасыңыз туралы айтсаңыз

Мен көпбалалы әкемін, 4 балам бар. Үлкенім 16-ға толса, ең кішісі – 7де.  Отбасым мамандығыма үйренген. 20 жылда қаншама уайым болды.

Сіздің ойыңызша құтқарушы қандай болуы тиіс?

Үнемі өзін  жетілдіру үстінде болса, қол жеткізген жетістігімен тоқтамаса. Осы қызметке не үшін келгенін түсінсе.

Кімдерді құтқарған ауырлау?

Әйелдерді. Олар эмоционалды, бұл нәрсе кейде шұғыл жағдайда кедергі келтіреді де. Негізі біз зардап шегушіні топтан бөлек шығаруға тырысамыз, осылайша жұмыс істеу біршама жеңілдеу.

Әр құтқарушы өмірінде жоқ дегенде 1 рет орындауы тиіс нәрсе?

Қиын жағдайда жұмыс істеп көру, бұл белгілі бір дағдының қалыптасуына ықпал етеді. Кәсіби құтқарушы болуы үшін сынақтан өту керек.

Сіздің жасақта қандай дәстүр бар?

Жаңадан келгендерге тауда жүргенде арнайы «рәсім» жасаймыз. Ол кедергі жолағынан өтеді. Сүңгуірлер болса тұзды су ішкізеді.

Арманыңыз қандай?

Не істесең де уақытты  міндет емес, өзіңнің жан қалауыңды орындау  үшін жұмсау.

Кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріңізге тілегіңіз

Өздеріңді сақтаңдар.