Шемонаиха ауданының өрт сөндірушілері өрттің таралуын болдырмады

Шемонаиха ауданының өрт сөндірушілері өрттің таралуын болдырмады

Өрт Коневка ауылы Центральная көшесіндегі тұрғын үйдің шатырына таралды. Оқиға орнына келген өрт сөндіру есебі бір шатырдың астында жанып жатқан үйді, көмір, отын сақтайтын қора мен шаруашылық құрылыстарын көрді. Өрт сөндірушілер отпен айқасқа түсті. Өрт сөндіру құрылыстың отқа төзімділігінің төменгі дәрежесімен, басқа құрылыстарға жақын орналасқандығымен қиындай түсті. Үйлесімді әрекеттің арқасында от 187 ш.м. алаңда тежелді. Өрт сөндіруге барлығы 3 өрт сөндіру автомобилі және 10 өрт сөндіруші қатысты. № 28 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отты тежеп, оның басқа көрші тұрған үй мен құрылыстарға тарап кетпеуіне қол жеткізді. Болжалды өрт себебі – электрқұрылғыларын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау. ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтінеді:
қосылып тұрған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар;
ескі электр тоқтарын пайдалануға жол бермеңіздер;
бір розеткаға бірнеше күшті электрлі тұрмыс құралдарын қосаңыздар;
зауытта жасалмаған электр сақтағыштарын және электр қолдан жасалған жылытқыш құралдырды қолданбаңыздар.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлаңыздар.