
Өскеменде "EFC 37" халықаралық турнир өтті. Онда 24 қатысушы арасында 12 жекпе-жек болды. Оның ішінде ең тартысты да қызықтысы Қазақстан атынан өнер көрсеткен Ерзат Сақабанов пен Қырғызстаннан келген мықты спортшы Руслан Кудайбердиев арасында өтті.
Екінші раундта техникалық нокаудпен сөзсіз жеңісті Ерзат Сақабанов иеленіп, 61 кг салмақ дәрежесінде 8-4 есебімен жеңіске жетті.
Ерзат Сақабанов спорттық жетістіктерінен басқа азаматтық қорғау жүйесінде қызмет етеді. Өскемен қаласының #9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, кіші сержант өрттермен күресіп, адамдарға шұғыл жағдайда көмекке келеді және спортта жаңа белестерді бағындыруға үлгереді.
Ол рингке үнемі ҚР ТЖМ туымен шығады және өзінің мамандығын мақтан тұтады.
Ерзат Сақабанов Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күні қарсаңында әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.