ШҚО құтқарушылары төрт жастағы қызға көмекке келді

ШҚО құтқарушылары төрт жастағы қызға көмекке келді

 Өскеменде құтқарушыларға Өтепов көшесінен шақыру  келіп түсті. Оқиға орнына келгенде, пәтерінде төрт жасар қыздың саусағы киім себетінің саңылауына кептеліп қалған. Ата-аналар өз бетінше шамалары келмей, құтқарушыларды шақырды. ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері құралдардың көмегімен себеттен пластмасса бөлшектерін абайлап кесіп, баланың саусағын босатты. Бүкіл құтқару операциясы кезінде қыз жуас боп, мамандардың жұмысына кедергі келтірмеді.

ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналарға қырағылық танытуды және балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру қажеттілігін айтады. Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар.

 Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса 112 телефонына хабарласыңыз.