Глубокое ауданының құтқарушылары волонтерларды оқытуды жүргізді

Глубокое ауданының құтқарушылары волонтерларды оқытуды жүргізді

Глубокое ауданының құтқарушылары 10 қазан күні Глубокое кентінде аудандық волонтерлар жиынында волонтерларды оқытудан өткізді. Бұл іс-шараны  Глубокое ауданының ТЖ бөлімімен бірлесіп  Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, оған Глубокое ауданының ТЖ бөлімінің 9 қызметкері, "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" КМҚК 1 қызметкері, ауданның үш мектебінің: О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі, Ы. Алтынсарин ат. орта мектебі, № 1 Предгорное орта мектебі. аграрлық және техникалық колледждерінің 16-19 жас аралығындағы 48 жас волонтеры қатысты. Іс-шараның мақсаты Глубокое ауданының аумағында ТЖ режимінде жұмыс істеу үшін волонтерлар клубтарын қалыптастыру және ұйымдастыру.
"Аманат" партиясының мәжіліс залында Глубокое ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" КМҚК қызметкерлерімен бірлесіп "Төтенше жағдайлар аймағындағы еріктілердің жұмысы: ұйымдастырушылық және психологиялық аспектілер" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. ТЖБ қызметкерлері еріктілермен адамдар көп жиналатын жерлерде төтенше жағдайлар туындаған кезде қалай әрекет ету керектігі, өзін-өзі ұстау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру құралдарын пайдалану, суға батқан кезде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету, өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі, ормандағы өрт қауіпсіздігі шаралары, сондай-ақ эвакуациялық іс-шаралар туралы сабақ өткізді. Құтқарушылар волонтерлардың психологиялық дайындығына, көпшілікпен жұмыс істеу дағдыларына ерекше назар аударды.
ОАА фельдшері тыңдаушылармен көміртегі тотығымен улану, электр тогының соғуы, күйік, үсік және сынықтар кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелері туралы дәріс өткізді. Сабақтар қызу әңгіме түрінде өтті, қатысушылар қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды, бұл ақпаратты барынша қолжетімді етті.
Содан кейін Глубокое ауданының өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары мен қарауыл бастықтары Глубокое кентінің орталық стадионында волонтерлармен практикалық сабақтар өткізді. Ақпаратты жақсы қабылдау және жеткізу үшін қатысушылар 6 топқа бөлінді. Волонтерлармен сабақтар бір мезгілде түрлі бағыттар бойынша 6 алаңда өткізілді. Практикалық сабақтарға құтқару үшін арқан түю, жауынгерлік киіммен танысу кірді.
Волонтерларға орман-дала өрттерін сөндіру дағдылары үйретілді, өрттерді сөндіру құралдарымен таныстырылды, оларды іс жүзінде қолдануға үйретті.
Кейін ұйымдастырушылар шағын конкурстар өткізді, онда волонтерлар өз білімдерін тағы бір рет тексеріп, нығайтты. Оқыту қорытындысы бойынша еріктілерге сертификаттар табысталды