
11 қазанда Глубокое ауданы Алтай кентіндегі Ертіс кенішінде жұмыстар кезінде қазылған тау жыныстары екі адамды басып қалды. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД бастығы полковник Ерғали Бахаев және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері келді.
1995 жылы туған ер адам жер бетіне өздігінен шығып, аудандық ауруханаға жатқызылды.
1991 жылы туған екінші зардап шегушіге көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері шахтаға түсті.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің қатысуымен зардап шегушіні "Кәсіби - әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің Республикалық құтқару штабы" ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының тау-кен құтқарушылары жер бетіне көтерді.
Қазіргі уақытта ол адамды Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тексеріп, көмек көрсетуде.
ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев "Құтқару іс-қимылдары барысында барлық қатысушы қызметтер жұмыс жүргізу кезінде кездесетін қиындықтарға қарамастан үйлесімді жұмыс істеді"- деп атап өтті.