Су тасқыны кезеңіне дайындық алдын алу аясында

Су тасқыны кезеңіне дайындық алдын алу аясында

Су тасқыны кезеңіне дайындық алдын алу іс-шараларын жүргізумен қатар елді мекендерді су тасқынына қарсы қорғауды нығайту үшін қажетті "әлсіз" жерлерді анықтауды да қамтиды. Мәселен, облыс бойынша жұмыс топтары су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен гидротехникалық құрылыстарды толық зерттеп жатыр. Өткен аптада құрамында жергілікті атқарушы органдардың, Ертіс бассейндік инспекциясының, "Шығыс Су Қоймалары", "Қазсушар" РМК және ШҚО ТЖД өкілдері бар жұмыс топтары Глубокое, Шемонаиха, Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандарының гидротехникалық құрылыстарына визуалдық шолып тексеру жүргізді.Әрине, бұл тәжірибе алдын-ала тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, мысалы, Глубокое ауданында жұмыс тобының ұсынысы бойынша Алтай кентінің гидротехникалық құрылысында мұзға қарсы құрылысты тазарту жүргізілді.Жалпы облыс бойынша бізде 132 гидротехникалық құрылым бар, оларды толық визуалдық  шолып тексеру қыс кезеңінің басына дейін жүргізу жоспарланған.