Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өрт кезінде бенгал мысықтарын құтқарды

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өрт кезінде бенгал мысықтарын құтқарды

Өрт Өскемен қаласындағы Бейбітшілік көшесіндегі тұрғын үйді шарпыды. Оқиға орнына келген 6-ӨСБ өрт сөндірушілері үйдің шатырының өртеніп жатқанын көрді, өрт ішінара көрші үйдің кіреберісіне тараған екен.  Барлау кезінде жанып жатқан үйдің ішінде ешкім болмаған. Барлық күштер жалынды басуға жіберілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалпы ауданы 46 ш.м. өрт сөндірілді.

Өрт сөндірушілер үйден жану заттарына уланып, есінен танып жатқан екі бенгал мысықтарын алып шықты. Біреуі сымға оралып қалған, екіншісі жатын бөлмеде еденде жатқан. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің өкпені жасанды желдету аппаратының және уақтылы көрсетілген реанимациялық шараларды қолдануы арқасында жануарлар аман қалды. Оған шамамен 6 минут қажет болды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 13 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері атап өткендей, олар құтқарушылар сияқты адамдарға ғана емес, жануарларға да көмекке келеді.

ШҚО ТЖД мына қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- электр желісіне қосылған тұрмыстық электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;

-электр құрылғыларын өндіруші зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес пайдаланыңыз;

- электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз,

 - бүлінген электр құрылғыларын, электр розеткаларын пайдаланбаңыз.