Үйдегі өрт қауіпсіздік шаралары

Үйдегі өрт қауіпсіздік шаралары

Тұрғын үйдегі өрт – үлкен апат. Құрылым зақымдалып, жиһаз, киім және басқа мүлік өртеніп кетеді. Көбінесе адамдардың өздері өрттің құрбаны болады.

Тұрғын үй-жайлардағы өрттердің негізгі себептерінің бірі жылыту пештерін  орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.

Тұрғын үй секторында өрттің және адам өлімінің алдын алу мақсатында Риддер қаласының азаматтық қорғау қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізуде. Профилактикалық жұмыстар жүргізген кезде пештерді, электр сымдарының жағдайын тексеріп, бұзушылықтарды жою жөнінде түсіндірме береді.

Өйткені өрттердің 90%-ы күнделікті өмірде және адамның кінәсінен болады. Риддер қ. ТЖБ электр құралдарын пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, сондай-ақ жылыту құралдарын пайдалану кезінде абай болуды сұрайды. Өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңай!