
Өскемен қаласында Космическая көшесінде тұрақ кезінде 1993 жылы шыққан "BMW 318 І" автокөлігі өртенді.
Қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, қаптама және автокөлік салоны жанып кетті.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының өрт сөндірушілері 4 ш.м алаңда өртті сөндірді.
Өртті сөндіруге барлығы 9 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды. Өрттің алдын - ала себебі бойынша - қозғалтқыш бөліміндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болжамы қарастырылуда.
ШҚО ТЖД көлік құралдарының иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салады:
- техникалық тексеруден уақытында өтіңіз
- Қозғалтқышты таза және ұқыпты ұстауға тырысыңыз. Сорғыштың астында май мен басқа көлік сұйықтықтарының ағып кетпеуін қадағалаңыз.
- Электр сымдарының дұрыстығын қадағалаңыз
-Егер сіздің көлігіңізде шамдар немесе сақтандырғыштар жиі жанып тұрса, дереу машинаны электрикке тексеру үшін апарыңыз, бұл өртке себепкер болатын қысқа тұйықталудың салдары болуы мүмкін
- Көлігіңіздің жанармай түтіктерін қадағалаңыз-сорғыштың астындағы кез келген сым мұқият оқшауланған болуы керек
- Салонда өрт сөндіргіштің болуын ұмытпаңыз, оны өрт болған жағдайда алу оңай болатындай етіп сақтау керек
АВТО жанған кезде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.