Пештегі ұмытылған көже үлкен өртті тудыруы мүмкін

Пештегі ұмытылған көже үлкен өртті тудыруы мүмкін

  2023 жылдың басынан бастап өңірде ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерімен пәтер тұрғындары тамақты қараусыз қалдырған жағдайда 75 шығуды жүзеге асырылды.  Оған көбінесе адамдардың ұмытшақтығы себеп болды. Табаны немесе қазанды пешке қойып, оның қараусыз қалып қойғанын пәтерде түтін басталған кезде ғана еске алады. Ұмытшақтардың көбі үй шаруасындағы әйелдер, түнгі ауысымнан үйге келетін қарт адамдар, оның арасында маскүнем тұрғындар да бар. Кейде өрт сөндірушілерді көршілері шақырғанда үй иелерін мүлдем таппай қалады.    
"Тамақ күйген кезде түтін пайда болады, ол тіпті пәтерден тыс жерде де таралады. Жоғары температурадан жанғыш материалдар жануы мүмкін, мысалы, жақын жерде тұрған шкаф, ілулі перделер немесе ілмектер. Пластмассадан жасалған бұйымдар, мысалы, табаның тұтқалары немесе кесу тақтасы ери бастайды. Бұл ретте пластмасса улы заттарды бөлетін болады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Тамақты пеште қалдырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Облыста салдарға әкеп соғуы мүмкін осы бұзушылық үшін 72 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салады:

  • тамақ қыздырылатын электр плитасын қараусыз қалдырмаңыз
  • - плиталарды перделер мен жанғыш материалдардың жанына қоймаңыз
    -егер сіз шаршасаңыз, демалыңыз және демалғаннан кейін ғана тамақ дайындауды бастаңыз
    - пәтерде өрт сөндіргіштің болғаны пайдалы.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз