Құтқарушылар жәбірленушіні бұзылған көліктен босатты

Құтқарушылар жәбірленушіні бұзылған көліктен босатты

Бүгін құтқарушыларға Өскемен қаласында, Бажов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алғаны, соның салдарынан көлікте қысылып қалған  зардап шеккендер бар екендігі туралы шақыру келіп түсті.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сол жерге келіп, жолаушыны майысып қалған көліктен шығаруға кірісті. Ер адамның аяғы қысылып қалған екен  Гидравликалық құралдың көмегімен апаттық машинаның тірегін босатып, жәбірленушіні шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.