
Облыс орталығында шұғыл қызметтердің қатысуымен биік ғимаратта өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.
"Кез-келген қаланың ажырамас бөлшектерінің бірі-көпқабатты үйлер. Көп қабатты құрылыс көлемінің өсуін ескере отырып, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің алдында мұндай үйлердегі өрттерге жедел ден қоюды ұйымдастыру міндеті тұр, өйткені онда көптеген адамдар тұрады. Оқу-жаттығуларда біз жоғарғы қабаттарға өрт сөндіргіш заттарды беруді, тұрғындарды эвакуациялауды, арнайы техниканы орналастыруды, жақын маңдағы гидранттардан өрт сөндіру автомобильдерін сумен толтыруды пысықтап жатырмыз",- деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.
Жаттығу аясында эвакуатор қолданылды, оны полицея қызметкерлері құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіретін үйге кіре берісте тұрған көліктермен "күресуге" жұмылдырды.
Жаттығуға ШҚО ТЖД жеке құрамының 35-тен астам адамы және 11 бірлік техникасы қатысты.
Қазіргі уақытта облыста жоғары қабатты нысандарда 7 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және 40 өрт-тактикалық сабақ өткізілді.
Тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
ШҚО ТЖД азаматтарға өрт кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады:
- өрт кезінде дереу "101" немесе "112" нөмірлеріне хабарласыңыз;
- дүрбелеңге бой бермеңіз;
- өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдаңыз, көршілерге хабарлаңыз;
-электр қуатын өшіріңіз;
- баспалдақпен жүріңіз, өрт кезінде лифтті пайдалануға тыйым салынады;
-егер шығу жолында кедергілер болса, есіктердегі барлық жарықтарды дымқыл шүберекпен жабыңыз, көмекке шақырыңыз, балкон сияқты қауіпсіз аймаққа барып, өрт сөндірушілердің келуін күтіңіз;
- еденге еңкейіп аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл шүберекпен жабыңыз;
- балконда өрт ошағына оттегінің кіруін тоқтату үшін есікті мықтап жабыңыз, бұл құтқарудың қосымша уақыты