Риддер қаласындағы Абай көшесінің бойында бес қабатты көппәтерлі үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтердің бірінде матрас пен көрпе жанған. Пәтердің жанынан өтіп бара жатқан Нұрсұлтан Достан түтіннің бықсыған иісін сезіп, тез әрекет етіп, 1930 жылы туған қарт пәтер иесін таза ауаға шығарып, дер кезінде "101" қызметіне қоңырау шалды.
Келген өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндіріп, пәтердегі түтінді сорып шығарды.
Белгілі болғандай, егде тартқан ер адам жылыту жастықшасын төсек-орынға қойып, толық қуатқа қосқан.
Нұрсұлтан шахтер болып жұмыс істейді.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.Электр құрылғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
Электр сымдары мен розеткаларды ақаусыз ұстаңыз.
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет