
Өскемен қаласының құтқарушыларына тағы да балалар ойнайтын алаңдағы болған оқыс оқиға бойынша хабар келіп түсті - бала сырғанақ құрылымына қыстырылып қалған. "Бүгін балаларға құтқарушылар көмегі қажет болған екінші жағдай. Құтқарушыларымыз барынша ұқыпты және ауыртпайтындай етіп көмек көрсету үшін бар күшін салады" - деді ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Арман Тоқанов.
Өскемендік құтқарушылар шақыру орнына келіп сырғанақты кесіп баланың аяғын босатты.
Егер де сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса 112"нөмірін теріңіз.