Төртаяқты "тұтқынға" көмектесу

Төртаяқты "тұтқынға" көмектесу

Риддер қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне тұрғындар шұғыл көмек қажет екені туралы хабарлады. Ит құдыққа құлап, кеткен еді, оны шамамен 2 метрлік шұңқырдағы тұзақтан өздері алып шыға алмаған.

​ ​ Сыртта қараңғы, суық болды, сондықтан төртаяқты тұтқынды алып шығудың ең жақсы жолы– оның соңынан құдыққа түсу еді.​ Көмекке келген құтқарушыны терең құдықта өзін қорғауға тырысып, үрейленіп, тістеуге дайындалып тұрған  жануар қарсы алды. Алайда, төртаяқты қанша тырысса да агрессия көрсетпеді.

​ Итті құтқару үшін ТЖ қызметкерлері қолына қолғап киюге мәжбүр болды. "Бейшараның" артынан тағы бір рет түскеннен кейін, ит ашуланып үлгергенше жылдам лып еткізіп, алып шығуға мүмкіндік туды.

Құтқару операциясы кезінде құтқарушылар да, ит те зардап шеккен жоқ. Барлығы сәтті аяқталды.

​ Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.