
Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері және №25 ӨСБ-нің жеке құрамы бірлесіп, жылыту маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, тұрғын үй секторында рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында жылу беру маусымында жылыту пештерін пайдалану және электржылыту құрылғыларын пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайына ерекше көңіл бөлінді бұрын орнатылған датчиктердің жұмысқа жарамдылығы тексерілді.
Рейдтік іс-шарада 334 тұрғын үй қамтылып, тұрғындарға ТЖ кезінде қауіпсіздікті сақтау бойынша 334 дана жадынама берілді.