Өскемендегі өрт сөндірушілер дүкенде шыққан өртті сөндірді

Өскемендегі өрт сөндірушілер дүкенде шыққан өртті сөндірді

Өткен түнде Өскемендегі Назарбаев даңғылындағы 4 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкендердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері бірінші кезекте қауіпсіздік мақсатында үйдің 14 тұрғынын, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Түтін басқан азық-түлік дүкеніне кіріп, өрт сөндірушілер 10 шаршы метр аумақта өртті сөндірді. Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

- Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеу

- Автоматты өрт дабылын жұмысқа жарамды күйде ұстау

- Объектіде бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс

- Электр жабдықтарын техникалық жағынан тиісті жағдайда ұстау

- Қызметкерлерді Өрт кезіндегі мінез-құлық және іс-қимыл ережелеріне тұрақты негізде оқыту