ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Су тасқыны қаупі бар кезеңде ТЖ туындау қаупін азайту мақсатында облыста алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Самар ауданында жергілікті атқарушы органдар ауданның инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде Миролюбовка ауылындағы Топқайын-Асламов көшелерінің қиылысында су өткізу құбырының өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, бұл қар еріген жағдайда кедергісіз және аса асқынусыз тасқын сулардың өтуіне мүмкіндік береді.
Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылында 2023 жылдың жазғы-күзгі кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары шеңберінде су өткізу құбырларын тазарту және Козлиха өзенін тереңдету жүргізілді.
Ағымдағы жылы су тасқынына ұшыру қаупі бар 20-дан астам елді мекен аумағында көктемгі кезеңде су тасқыны жағдайын жақсарту мақсатында облыстық Инженерлік жұмыстар жоспарымен арналарды тереңдету, тазарту, кеңейту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ басқа да инженерлік жұмыстар жоспарланған.