
Ағымдағы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстанда тұрғын үй секторында 307 өрт болды, оның 97-сі электр аспаптары мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себебінен. ШҚО ТЖД мамандары талдау жүргізіп тұрғындардың қандай қателіктері осындай өрттерге әкеп соқтыратынын айтты:
- Пәтерде немесе үйде бірден бірнеше адаптерді, ұзартқыштарды және тройниктерді қосу
- Желіде қосылған электр аспабын қараусыз қалдыру (ұялы телефонды зарядтау кезінде, пеш жұмыс істеп тұрған кезде). Көбінесе бұл тұрғындар үйден шыққан кезде болады.
- Күнделікті өмірде жарқылдаған розеткаларды пайдалану, сондай-ақ бір розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қосу
-Электр аспаптарының жанғыш заттармен жақын орналасуы
-Тозығы жеткен және өрт қаупі бар электр сымдарын пайдалану
«Қазіргі уақытта әрбір электр желісіне жүктеме бірнеше есе өсті, біз теледидарларды әр бөлмеге дерлік қоямыз, кондиционерлерді іліп қоямыз, кір жуғыш машиналарды, электр плиталарын қолданамыз, тіпті электр қуатына негізделген еденді жылыту жүйелерін орнатамыз. Сонымен қатар, жаңа электр құрылғысын сатып алғанда, біз "ал сымдар шыдай ала ма?»,- деп ойланбаймыз да деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Соңғы өрттердің бірі Өскемен қаласында Бажов көшесінде болған, әйел пәтерден шығып, электр плитасын өшіруді ұмытып кеткен. Бұл ас үйде жиһаздың, тұрмыстық техниканың өртенуіне әкелді. Келген өрт сөндірушілер 3 шаршы метр аумақта өртті сөндірді. құтқарушылар 13 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
ШҚО ТЖД-да атап өткендей, электр құрылғысын қосып кетуге болмайды, барлық тұрғын үй-жайларға қауіп төніп тұр.
ШҚО ТЖД еске салады:
- Кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында-нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
-Құрылғының жұмыс уақытына және рұқсат етілген токқа қойылатын талаптарға назар аударыңыз
- Есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бір розеткаға бірден қоссаңыз, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін
-Ақаулы розеткаларды пайдаланбаңыз
Егер белгілі бір электр құрылғысын қосқан кезде жарықтандыру сәл күңгірт болса, бұл желінің шамадан тыс жүктелгендігінің сенімді белгісі. Бұл өрттің хабаршысы.
- Үйден шыққан кезде-электр құрылғыларын ажыратыңыз
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз