ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерді, сондай-ақ адамдарды құтқаруда батылдық танытқан азаматтарды марапаттады

ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерді, сондай-ақ адамдарды құтқаруда батылдық танытқан  азаматтарды марапаттады

ШҚО ТЖД-да Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аясында салтанатты кеңес өтті. Департамент бастығы, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов құттықтау сөз сөйледі: "Конституция еліміздің табысты дамуының негізі, біздің қоғамда тұрақтылықты сақтаудың кепілі болып табылады. Біздің басты мақсатымыз азаматтық жауапкершілікті, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру болып қала береді. Бұл үшін еліміздің аумағы мен халқын төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ететін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері лайықты үлес қосуда. Осы мереке күні баршаңызға бақыт пен денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық, табыс пен амандық тілеймін. Қазақстан Республикасы гүлдене берсін"
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қызметтік борышын орындағаны, жанқиярлығы, батылдық танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен мерзімінен бұрын атақтар берілді, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ерлігі мен адалдығы үшін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен Шемонаиха қаласының №28 ӨСБ өрт сөндірушілері Талғат Хакимов пен Бекжан Сапиолданов марапатталды, олар өрт кезінде үш тұрғынды қатты түтін басқан үйден құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторы Жандос Рахметұлы мен Өскемен қаласының тұрғыны Думанбек Рахымбаев Виноградов көшесіндегі өрт кезіндегі Ерлігі үшін марапатталды. Олар өртті байқап,  ойланбастан көмекке жүгірді. Оларға есікті осы кезде пәтерде жалғыз қалған 8 жасар бала ашты. Жандос пен Думанбек өртті өз бетінше сөндіре бастады және өрттің таралуына жол бермеді. Нағыз батырлар-Қарағанды медициналық университетінің 3 курс студенті Алмаз Қадылбеков пен жергілікті тұрғын Асылбек Рагызбаев Ұлан ауданы Айыртау ауылындағы өртті қолда бар құралдармен сөндірді. Газ баллонын қоймадан шығарды, осылайша жарылыстың алдын алды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі