ШҚО ТЖД қызметкерлері Жамбыл облысында қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды

ШҚО ТЖД қызметкерлері Жамбыл облысында қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды

2023 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғадан бері екі жыл өтті. Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімде болған жарылыс азаматтық қорғау органдары тарихындағы ең бiр бақытсыз жағдай туындап,
10 қызметкердің өмірін қиды.
Бірақ батырлар туралы естелік тірі. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға ШҚО ТЖД жеке құрамы, ардагерлер кеңесі, Департамент басшылығы қатысты.
Сондай-ақ, бұл күні ШҚО ТЖД бөлімшелерінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
"Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі, көбінесе ол тәуекелмен келеді. Өкінішке орай, біздің әріптестеріміз өздерінің қызметтік міндеттерін өз өмірлерінің бағасымен орындайды. Жамбыл облысында қаза тапқан өрт сөндіруші батырлар өз өңірінің қауіпсіздігі үшін батылдық пен ерлiк танытты. Олар әрқайсымыздың жадымызда мәңгі қалады", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Арман Тоқанов