Глубокое ауданында өқтқарушылар шұңқырға құлап кеткен ер адамды шығарып алды

Глубокое ауданында өқтқарушылар шұңқырға құлап кеткен ер адамды шығарып алды

 25 тамызда Глубокое кентінде шамамен түнгі бірде ер адам үйіне қайтып келе жатқан. Ушанов көшесі аумағындағы шұңқырды байқамай, құлап кеткен. Оған көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының мамандары келді. Құтұарушылар 25м шамасындағы шұңқырға түсіп, Жедел жәрдем фельдшерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аяғын таңып берді.

Содан кейін ТЖ мамандары 1975 жылы туған ер адамды зембілдің көмегімен көтеріп шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз.