Неліктен ГБЖ бар көлікті жабық паркингке қоюға болмайды?

Неліктен ГБЖ бар көлікті жабық паркингке қоюға болмайды?

«Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі қағидаларына» сәйкес қозғалтқыштары басқа мақсаттағы кіріктірілген және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда сығылған газда, табиғи газда және сұйытылған мұнай газында жұмыс істейтін газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық үлгідегі автотұрақтар мен паркингтерде автомобильдердің тұрағына жол берілмейді.

Бұл талап кездейсоқ қолданылмайды, көліктегі өрттер өте жиі орын алады, ал егер жерасты автотұрағында газбен жүретін автокөлік жанса, салдардың қандай ауқымы болатынын елестету қиын. Газдың жарылуымен байланысты төтенше жағдайлар, әсіресе жертөле мен жертөле қабаттарында, негізінен ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуына әкеледі.

Жеке мәселе - автомобильдерді қайта бейімдеу. Көбінесе көлік иелері қауіпсіз емес, арзан орнату түрін таңдайтындықтан ондай жұмыстар арнайы мамандандырылмаған орындарда жасалады. Паркингке кірген кезде, әсіресе қыста, жылудың әсерінен газ кеңейе бастайды, ал резервуарда бос көлем қалуы керек. Алайда, көбінесе автомобильдерді қайта бейімдеу  кезінде артық қысым клапандары жүйеден шығарылады. Толық резервуар үшін төлем әрқашан жоғары.

Қазіргі уақытта «Газбаллон» ЖПШ аясында ШҚО ТЖД қызметкерлері ШҚО ПД полицейлерімен бірлесіп профилактикалық рейдтер жүргізуде. Басты міндет – төтенше жағдайлардың алдын алу.

Жол берілген бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы ұмытпаған жөн, сондықтан «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 410-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген, 590-бап бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлікте қайта жабдықтау туралы белгі болмағаны үшін айыппұл 15 АЕК құрайды, бұзушылық анықталған кезде полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес ұстау себебі жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу-нөмірлік белгілерді алып қою жолымен көлік құралын пайдалануға тыйым салады.

Бүгінгі таңда облыста жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша 81 бұзушылық тіркелді (ГБЖ қайта бейімдеуге қатысты).