
Қоңырау Пермитин көшесінен түсті.
Сол маңайда мысықтың мияулаған даусы естілді. Куәгерлер ТЖМ қызметін шақырды.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері ептілік пен кәсібилікті қолдана отырып, қаптама мен ғимарат арасындағы кеңістікті "кепілге алған" байғұс жануарды мұқият шығарып алды.
Марғау соқыр болып шықты.
Құтқарушылар оны зооклиникаға тапсырды.
Марғауға көмек көрсету операциясына әкімдік қызметкерлері де қатысты.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.