
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерінің офицерлік құрамын кәсіби қызметтік даярлау шеңберінде Өскемен қаласының № 7 өрт сөндіру бөлімі базасында «Востокцветмет» ЖШС-ның жетекші инженері Дмитрий Варениковтың қатысуымен «Тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында өрттерді сөндіру» тақырыбында сабақтар ұйымдастырылды. Дмитрий Вареников қызметкерлерге тау-кен кәсіпорындарында өртті сөндіру дағдыларын үйретті, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтып, презентация арқылы объектілердің ішкі құрылысын көрсетті.
Гарнизонның офицерлік құрамын оқытуға қатысқаны үшін Дмитрий Варениковқа «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ басшылығы атынан алғыс хат табыс етілді.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының міндетін атқарушы Болат Нұрдыбаев өртті сөндіру тактикасы және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша сабақтар өткізудің маңыздылығын атап өтті.