
Ұлан ауданындағы Айыртау ауылында, Танабаев көшесі бойында тұрғын үйде өрт шықты. Өрт кезінде үйде ешкім болмаған. Түтінді байқаған көршілер Алмаз Қадылбеков пен Асылбек Рагызбаев үйдің қоймасына кіріп, (27литр) газ баллонын алып шығып, сондай-ақ "101" нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшесін шақырып, олар келгенше өртті өз бетінше сөндіре бастады. Шақыру орнына келген "Өрт аудит орталығы" ЖШС МӨҚҚ және ШҚО ТЖД 10-ӨСБ қызметкерлері екі пәтерлі тұрғын үйдегі өртті толығымен сөндірді, өрт аумағы 6 ш. м. Тоңазытқыш пен 2 мұздатқыш камераның бөлшектері жанып кетті. Өрттің шығу себебі ретінде электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау деген болжам қарастырылады.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
- Үйден кетіп бара жатқанда, ешқандай жағдайда электр құрылғыларын желіде қалдырмаңыз;
-Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
-Электр сымдарындағы ақауларды уақытында жойыңыз;
-Өрт қауіпті материалдарды электр жабдықтарының жанына жақын қоймаңыз;
-Мүмкін болса, үйге өрт сөндіргіш құралын алыңыз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.