
Жыл сайын ШҚО ТЖД қызметкерлері "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысады. Ағымдағы жыл да ерекшелік болған жоқ. Құтқарушылар көпбалалы отбасыларға балаларды мектепке жинауға көмектесті.
«Қайырымдылық шараларға қатысу-бұл біздің ведомство үшін дәстүр. Балаларға көмектесу маңызды деп санаймыз. Бізде аз қамтылған және көп балалы отбасылар ерекше қамқорлықта. Жыл сайын акцияға қатысушылар көбейіп келеді», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Рюкзактар мен кеңсе тауарларын, мектеп формасын сатып алуда биыл ШҚО ТЖД қызметкерлері 4 баласы бар Кондратьевтер отбасына және үйде 6 баласы бар Вертячтар отбасына көмектесті.
Қауіпсіздіктің алдын алу үшін құтқарушылар оқушылардың рюкзактарын өрт кезіндегі тәртіп ережелерін көрсететін жадынамалармен жабдықтады.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясына ШҚО ТЖД барлық аудандық бөлімшелері қатысады.