Cу тасқынына дайындық Шемонаиха ауданында басталды

Cу тасқынына дайындық Шемонаиха ауданында басталды

Көктемде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген және жаңбыр суларының күрт ағуы болып табылады. Бұл ретте су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізу есебінен ғана ТЖ туындау қаупін азайтуға болады.
Шемонаиха ауданында Облыстық инженерлік жұмыстар жоспарын орындау аясында алдын алу шаралары басталды. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарымен Шемонаиха ауданы Убинка ауылындағы Украинская, Гагарин және Болашақ көшелеріндегі  тегістеу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Бұл су тасқыны қауіпті учаскеде көлбеу болып, жаңбыр суының ағындары жыл сайын жолдар мен ландшафттарды шайып кететін. Орындалған іс-шаралар осындай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді.
Шемонаиха ауданында барлығы тасқын су және еріген сулардан потенциалдық су басу қаупі бар 5 елді мекен бар.