Көліктегі өрт.

Көліктегі өрт.

Ағымдағы жылдың басынан Ұлан ауданының аумағында 4 автокөлік өрттері тіркелді. Автокөліктерде өрттің шығуына негізгі себептер электр өткізгіштерінің қысқаша тұйықталуы, жоғарғы қауіпті агрегаттармен жұмыс істеу кезінде абайсыздықтан өрт фактісі орын алады болады.

Өрт бәрін дерлік жойып жіберуге бейім. Өрттің әсерінен көлік 4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Жүргізушінің көз алдында көлік күйдірілген темір үйіндіге айналады. Автокөлікте көптеген жанғыш заттар мен материалдар бар - газдар мен сұйықтықтар, ішкі әрлеу материалдары, жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар. Қышқыл түтін өртті сөндіруді , тұтану орнын анықтауды қиындатады.

Көліктегі өрттің алдын алу үшін көлік иесіне жадынама :

  • Автокөліктің жағдайын бақылаңыз, сымдардың сапасын тексеріңіз;
  • Өрт сөндіргішті көлікте қолжетімді жерде сақтаңыз ;
  • Гаражда 20 литр бензин мен 5 литрден артық май қоймаңыз;
  • Гаражды ескі заттармен, жиһаздармен толтырмаңыз;
  • Гаражда электр дәнекерлеу және бояу жұмыстарын жүргізуге болмайды;
  • Гаражда бөлшектерді бензинмен немесе еріткіштермен жууға болмайды;
  • Гаражда темекі шегуге және ашық отты қолдануға болмайды;
  • Гаражда өрт сөндіргішті және бір қорап құм ұстаңыз .

ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ ТЖБ