Егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері.

Егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері.

Ағымдағы жылдың 9 тамызында Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері және М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академия курсанттармен бірлесе астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаруа қожалықтары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы 27 адам қамтылып, жадынамалар таратылды.
Астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және қатан орындау өрттің алдын -алудың маңызды шарты болып табылады. Дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидалары тәртібі қарастырылған.Онда ауыл шаруашылығы өндірушілері сақтауға тиіс ережелер мен іс-шаралар сипатталған.
Егін жинау кезінде және ол аяқталғаннан кейін,өрттің пайда болуының негізгі себептері:
-Отты абайсыз қолдану;
-Фермерлердің сабанды рұқсатсыз жағуы;
-Қолданыстағы техниканың электр ақаулығы;
-Ұшқын сөндіргіштердің жоқтығы;
Далалық жұмыстарды жүргізу кезінде қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары:
1.Барлық дала жұмыстарына қатысатын тұлғалар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы тиіс.
2. Өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес болуын және қолдануға дайын болуын, дереу пайдалану үшін мүмкіндік жасалуы тиіс.
3.Уақытша электр жарықтандырғыштар, тоқ және жоғарғы кернеулі электр желілері егін және орман алқаптарына 100 м.арақашықтықта орналасуы керек,дала қостары және егін алқаптары ені 4 м.кем емес жолағымен жыртылады.
4.Жұмыс жүргізу кезінде,егін алқаптары маңайында сабанды және шөпті өртеуге  тыйым салынады.
Өрт шыққан жағдайда ең алдымен «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.