ШҚО ТЖД құтқарушылары Өскемен қаласында құдыққа құлап кеткен әйелге көмекке келді

ШҚО ТЖД құтқарушылары Өскемен қаласында құдыққа құлап кеткен әйелге көмекке келді

Оқыс оқиға Қабанбай батыр мен Новаторлар көшелерінің қиылысында болған. 1972 жылы туған әйел серуендеп жүрген кезде құдықты байқамай құлап кеткен. Жанындағы ер адам ТЖ қызметін шакырған.
Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері құтқару жабдығымен әйелді шамамен 5 м болатын кәріз люгінен шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз