
Глубокое ауданында "Жылу энергиясы" МКК базасында өрт - тактикалық оқу-жаттығулардың жоспары бойынша көлбеу галереяның көмір беру үй-жайында транспортер лентасы өртенді. Өрт көмір шаңын құю бункеріне тарады.
Нысан диспетчері болған оқиға туралы дереу "101"қызметіне хабарлады. Автоматты түрде "өртке" жоғары қоңырау нөмірі берілді. Келген "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің" өрт сөндіру бөлімшелері қалың, қара түтінді көрді. Барлау жүргізгеннен кейін бас корпустың ғимаратында қауіпті аймақтан шұғыл эвакуацияланған қызметкер табылды.
Сөндіруге бар күш-жігерін салып, 30 өрт сөндіруші мен 5 бірлік техника 50 м2 алаңда өртті сөндірді.
"Мұндай оқу-жаттығулар өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің басшылық құрамының тактикалық шеберлігін арттыруға ықпал етеді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД. Жаттығу барысында шартты өрт нақты жағдайларға барынша жақын болуы үшін жеке құрам үшін міндеттер күрделене түсті. Өрт сөндіру басшылары мен өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар жергілікті жерде шешім жолдарын жедел іздеуге, күштер мен құралдарды қайта топтастырып, сәтті аяқтады.