
Өскеменде Виноградов көшесіндегі 9 - қабаттағы пәтердің балконында өрт шықты. Жақын жерде полиция қызметкері Жандос Рахметұлы мен көрші тұратын ер адам Думан Рахымбаев абдырап қалмай, көмекке жүгірді. Олар пәтерге кірген кезде есікті үйде жалғыз отырған 8 жасар бала ашқан. Думан мен Жандос өртті сөндіре бастап және өрт сөндірушілерді шақырды. Шақыру орнына келген ШҚО ТЖД құтқарушылары 4 ш. м. алаңда өртті сөндірді. ШҚО ТЖД мамандарының алдын ала нұсқасы бойынша өрттің себебі электр жабдығы - кондиционерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.
Барлығы 7 бірлік техника мен ШҚО ТЖД жеке құрамының 22 адамы жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
- Үйден шыққан кезде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз
- Желіні шамадан тыс жүктемеңіз, бір розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыз
- Пәтерлердің балкондарында жанғыш материалдарды сақтауға жол бермеңіз
Өрт болған кезде дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі