
Өскеменде Примыкание көшесінде ит жерасты резервуарына түсіп кеткен еді. Оны көріп қалған адамдар құтқарушыларды шакырды. Оқиға орнына келген мамандар шабуыл сатымен 5 метр тереңге түсіп, жануарды алып шықты.
Екінші жағдай Промышленная көшесінде болған, онда ит құдыққа түсіп кетіпті. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері төртаяқтыны шығарып, оның жарақаттанғанын көрген соң итті ветеринарлық клиникаға жеткізді.
Шығыс Қазақстанның құтқарушылары жануарлармен байланысты көптеген шақыруларға барады. Көш басында сиыр, жылқы, ит және әрине мысықтар. Жыл басынан бері ТЖ мамандары келеңсіз оқиғаға тап болған жануарларға көмекке келу үшін 68 рет шыққан.
«Біз жануарлармен жұмыс істеген кезде әрқайсысына ерекше жол табуға тырысамыз» - дейді ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы, бөлімше басшысы Владимир Субботин.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.