ШҚО Самар ауданында маусымдық өрт сөндіру-құтқару бекеті жұмыс істейді

ШҚО Самар ауданында маусымдық өрт сөндіру-құтқару бекеті жұмыс істейді

Бұқтырма су қоймасының Самар жағалауы ауданында жаз бойы маусымдық өрт сөндіру-құтқару бекеті жұмыс істейді, ол инфрақұрылым және жағалаудағы жаппай  құрылыысның дамуымен  өте қажет.

"Басты міндет - көл жағалауында орналасқан нысандарда судағы жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алу. Өрт сөндіру-құтқару бекетінің қызмет көрсету аймағына 2700-ден астам құрылыс пен Сарыбел және Новостройка елді мекендері кіреді. Жазда мұнда күн сайын 10 мыңға жуық адам демалады. Суда патрульдеу қайықтармен жүзеге асырылады. Өрт болған жағдайда өрт сөндіру автокөлігі тартылады. ШҚО ТЖД қызметкерлері база иелері мен демалушыларға ұсыныстар бере отырып, оларға мониторинг жүргізу және нұсқау беру арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалайды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД.

Маусымдық бекет жұмыс жүргізу үшін қажетті құтқару жабдықтарымен, оның ішінде арнайы жүзу құралдарымен және өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған.

Ағымдағы жылы өртке қарсы бөлімшелер дала өртіне 7 рет шықты, бұл демалыс базаларын қорғап, жедел әрекет етуге және өрттің дамуын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Ереженің негізгі бұзушылықтары ғимараттар арасындағы өртке қарсы қашықтықтың болмауы, өрт сөндіру қажеттіліктері үшін кірме жолдары бар пирстердің болмауы, демалушылардың отпен абайсыз қарым-қатынасы болып табылады.

Самар ауданында ШҚО ТЖД қызметкерлерін жағалау сызығы бойымен 40 км қашықтықта күнделікті патрульдеу арқасында бүгінгі күні суда жазатайым оқиғаларға жол берілмеді.

Қазірдің өзінде 60-тан астам профилактикалық рейд жүргізілді. Тұрақты негізде полиция қызметкерлері мен еріктілер тартылады.

Аудан әкімдігі суға шомылуға қауіпті орындарда 8 тыйым салу белгісін, суда жүріс-тұрыс ережелерін көрсете отырып, стендтер мен баннерлерді белгіледі.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады.

- Өрт сөндіру автомобильдері үшін еркін жол жүруді қамтамасыз ету

- Базалардың аумағын құрғақ шөптен уақтылы тазалап, жанғыш материалдарды жинауға жол бермеу

- Алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы және құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтықты сақтау

- Жағажайларды қауіпсіздік нормаларына сәйкес жабдықтау: қалтқылардың, құтқару құралдарының болуын қамтамасыз ету, балалардың шомылу аймағын анықтау, ақпараттық стендтер орнату

- Төтенше өрт қаупі кезеңінде демалушыларға қырағы болу керек.

- Отпен абайсыздықты болдырмау. От жағуға болмайды.

- Тек жабдықталған жерлерде шомылу. Қалқымаладан асып жүзбеңіз және балаларды су қоймаларында жалғыз қалдырмаңыз.

Қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің баптарына сәйкес: 364-жалпы су пайдалану ережелерін бұзу, 412 - су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау, 440 - алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін, 582 - Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін бұзу, 410-өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.