ТЖ қызметінің ардагері Әлем Кубогы жеңімпаздарының үштігіне кірді

ТЖ қызметінің ардагері Әлем Кубогы жеңімпаздарының үштігіне кірді

Өңір азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 30 жылдан астам уақытын ған Төтенше жағдайлар қызметінің ардагері Әбілқайыр Иманбеков 76 жасында спортпен белсенді түрде  айналысады.

Жақында ғана ол шілде айының соңында Қазақстанның Алматы қаласында өткен скандинавиялық серуендеуден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Бұл чемпионаттың екінші кезеңі, біріншісі Италияда өткен болатын, келесі кезең Варшава, Словения және Мароккода болады. Оған әлемнің 10-ға жуық елінен 200-ден астам спортшы қатысады.

Әбілқайыр Иманбеков жас спортшыларға үлгі. Ол өзінің жас санатында -10 шақырым қашықтықты еңсеруден үшінші орын - қола медальмен марапатталды.

"Біздің санатымызда Әлем чемпионы Польшадан келген Адам Адамчук жеңімпаз атанды. Біз көп әңгімелестік, оның спорттағы жетістіктеріне қуаныштымын. Біздің сұхбатымызда ол да мен туралы білетінін аттй және трассалардан өту құпияларымен бөлісті,-деді 76 жастағы Әбілқайыр Иманбеков. Өзінің туған қаласында Әбілқайыр Иманбеков үнемі жаттығады және осы қызықты спорт түрін меңгергісі келетіндерді қатарына шақырады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі