
Риддер қаласының тұрғыны үйдің жанындағы жайылымға бұзауларының аяғына ұзын арқан байлап қоя берген екен. Сағат 12 шамасында оған олардың біреуінің қандай да бір жолмен ашық тұрған құдыққа құлап кеткені туралы хабарлады. Алдымен Бусяның иесі бұзауын өздері шығарып алуға тырысканымен, ол әрекетінен түк шыкпаған соң, құтқарушыларға жүгінді.
Мамандандырылған жасақ қызметкерлері шақыруды қабылдай салысымен оқиға орнына келген соң, бұзауды құдықтан арқанмен байлап шығару туралы шешім қабылдады. Буся болса қайта қайта мөңіреп, көмекке шақырды. Бөлім командирі Бабенко Евгений жануарға екі метр тереңдікке түсіп, бұзаудың денесін арқанмен бекітті. Содан кейін құтқарушылар да, қожайындар да "тұтқынға түскен" Бусяны тарта бастады. Осылайша оны тар және терең құдықтан шығарып алды, бүкіл операцияға шамамен 20 минут қажет болды.
Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, дереу "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.