ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері Гусиный аралындағы өртті сөндірді

ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері Гусиный аралындағы өртті сөндірді

2 тамызда Алтай ауданы, Октябрьский кентіндегі Гусиный аралында " шөп пен қамыс өртеніп кетті.
Оқиға орнына жету үшін ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері суда қайықпен жүруге мәжбүр болды.
Оқиға орнына келген 20-ӨСБ және № 8 құтқару бөлімшесінің қызметкерлері отпен күресте бар күшін салды.
6 га алаңда өрт сөндірілді.
Барлығы 6 адам және 1 қайық тартылды.

ШҚО ТЖД өңірде төтенше өрт қаупі сақталатынын еске салады.
Азаматтар орманда болуды шектеуі керек.
Табиғатта от жағуға болмайды.
Шөпті өртеуге жол бермеңіз.
Сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі