Шығыс Қазақстанда сел қауіпті маусым жалғасуда

Шығыс Қазақстанда сел қауіпті маусым жалғасуда

Өңірде барлығы 13 сел қауіпті ошақ бар, олар 4 ауданда - Катонқарағай, Зайсан, Алтай ауданы және Риддер қаласында орналасқан. Жоғарыда аталған аудандардың жоғарғы тауларында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мұздақты көл қалыптасады. Мамандар жыл сайын қауіпсіздік мақсатында көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап және сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін оларды толық ашқанға дейін аэровизуалды тексеру жүргізеді.

Облыста сырғыма жүру қаупі бар 9 учаске бар. Бұлар негізінен автожолдардағы, өзен бассейндеріндегі таулардың жағалық беткейлері мен кесінділері: Громотуха, Уба – Риддер қаласы; Бұқтырма, Хамир,Черновая - Алтай ауданы; Бұқтырма– Катонқарағай ауданы; Кендірлік-Зайсан ауданы. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" ММ-ның Шығыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасы филиалымен бірлесіп, сел қаупі бар және сырғыма жүру қаупі бар учаскелерде облыс халқының  қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады. Қауіпті учаскелердің өзендері мен сел-, көшкін арналары бойынша жоспарлы жерүсті және аэровизуалды зерттеу кестесі әзірленді. Жақын арада облыста мұздақты көлдерінде батиметриялық жұмыстар жоспарланған. Қауіпті учаскелердегі сел қаупі бар және 18 қалқандарға ескерту және тыйым салу қалқандары орнатылды, ауылдағы жергілікті атқарушы органдарға, көшкін қаупі бар аудандар мен кәсіпорын басшыларына, объектілері мен құрылыстары ықтимал сел қаупі бар учаскелерде орналасқан жеке үй иелеріне 92 хабарлама-ұсынымдар берілді.

Жыл бойы тұрақты және 9 маусымдық гидропост ашылды.

Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес облыс аумағында күштер мен құралдар топтамасы құрылды.

Қазіргі уақытта облыс аумағындағы сел және көшкін жағдайы тұрақты, барлық сел қауіпті учаскелер ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ филиалының мамандарының бақылауында, ШҚО ТЖ департаментінің күштері мен құралдары тұрақты дайындықта.

Қазіргі уақытта 54 сырғыма жүру учаскелерінде, 80-сел қаупі бар учаскелерде жерүсті тексерулері жүргізілді.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі