ШҚО ТЖД пешті жазда дайындауды ұсынады

ШҚО ТЖД пешті жазда  дайындауды ұсынады

Жылыту кезеңінде пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде өрттер мен көміртегі тотығымен улану жағдайлары көбейеді. Мәселен, Шығыс Қазақстанда өткен жылыту кезеңінде 296 өрт және 22 көміртегі тотығымен улану тіркелген. Тұрғын үй мен өмірді зардаптардан қорғау үшін ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға пештерді қазірден дайындауды ұсынады.

1.Жылыту пешінің сыртын және ішін мұқият тексеріңіз, бөліктерінде  және пешке дейінгі парақтардың күйіп қалмағанына және басқа зақымдардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз, қажет болған жағдайда мұржаны және жылыту пешінің өзін сылаңыз.

  1. Жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ мұржалар мен пештерді 3 айда кемінде 1 рет тазалаңыз

3.Пештің есігін бекітуді тексеріңіз.

4.Жылыту пешінің алдында 50*70 см металл пешке дейінгі парақты орнатыңыз

5.Жылыту пешінде жанғыш конструкциялардан нормалармен белгіленген өртке қарсы бөлу (шегініс) болуы тиіс.

Пешті жылыту кезінде тыйым салынады:

- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыру, сондай-ақ оларды балаларға қадағалауды тапсыру

- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды от жағу алдындағы параққа орналастыру

- пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану

- желдету және газ арналарын мұржалар ретінде пайдалану

- пештерді шектен тыс қыздыру

Аязға дейін уақыт бар, осы кезде - пештеріңізді дайындаңыз. Есіңізде болсын, Сіздің және жақындарыңыздың өмірі, мүліктің қауіпсіздігі осыған байланысты. Төтенше жағдай, өрт кезінде "101" және "112" нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі