
Риддер қаласында ауа-райының тұрақты болуына байланысты 1-ші дәрежелі өрт қауіптілігі сақталады. Табиғи ортада өрттің алдын алу мақсатында қалада азаматтық қорғау, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы қызметкерлерінен тұратын 3 мобильді топ алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда. Рейдтік іс-шаралар барысында тақырыптық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тәртіп бұзушылар анықталады. Мәселен, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.