
2023 жылдың 28 шілдесінде Риддер қ. ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Тарасов Е.В. «Аманат» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне азаматтық қорғау бойынша объектілерге профилактикалық бақылау түрінде тексеру туралы өзгерістер енгізілгені жеткізілді. Кәсіпкелерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.Кәсіпкелік объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және азаматтық қорғаныс шаралары бойынша сұрақтар нақтыланды.
Риддер қ. ТЖБ