Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталуда

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталуда

Қалыптасқан ыстық ауа-райына байланысты облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталуда.

Бүгінгі таңда облыста 452,8 га шаршы аланда 50 орман өрті тіркелді, және 467,5 га аланда 36 құрғақ шөптін жану фактілері тіркелді. Дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істеуде.

Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу мақсатында орманшылар, ШҚО ТЖД, полиция, ЖАО қызметкерлері бар 272 адам санын құрайтын 46 мобильдік топ жұмыс істейді. Уақытылы профилактиканың арқасында топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 55 бұзушыны анықтады. 

Қазіргі уақытта облыста өрт қауіптілігінің ең жоғары 5 дәреже Үлкен Нарын ауданында, Самар ауданында және Күршім ауданында сақталуда.

Облыс аумағында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің "өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы" қаулысы қолданылады.  

ШҚО ТЖД азаматтардың назарына жеткізеді: 

Ерекше өртке қарсы режимнің қолданылу кезеңінде орман қорында адамдарға болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;

- Ашық от қолдануға, от жағуға болмайды;

- Шөптің жануына жол бермеңіз;

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз. 

 Өрт анықталған жағдайда дереу "101" және "112"телефондары арқылы хабарлаңыз.