Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталуда

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталуда

         Ормандардағы өрт қаупі-бұл жоғары температура немесе өрт көзі болған кезде орман өрті пайда болуы мүмкін жағдайлар. Өрт қауіпті кезеңде өрт қауіптілігін бағалау күн сайын метеорологиялық деректер негізінде есептеледі. Өрт қаупінің 5 санаты бар:

1 санат-ешқандай қауіп жоқ;

2 санат-шағын өрт қаупі;

3 санат-орташа өрт қаупі;

4 санат-жоғары өрт қаупі;

5-санат - төтенше өрт қаупі.

Қазіргі уақытта облыста өрт қауіптілігінің ең жоғары 5 – санаты. Күршім ауданында және Самар ауданында, 4-санаты Өскемен қаласында, Катонқарағай ауданында және Үлкен Нарында сақталуда.

Облыс аумағында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 282 "Орманда өрт қаупі жоғары кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу туралы" қаулысы қолданылады.         

          ШҚО ТЖД халыққа жүгінеді: тәртіп, отпен абайлап жұмыс істеу ормандарды өрттен сақтаудың кепілі болып табылады.

Ерекше өртке қарсы режимнің қолданылу кезеңінде кез келген ашық отты қолдануға тыйым салынады: от жағу, кәуап пен тамақ дайындауға арналған басқа да құрылғыларды пайдалану, қоқыстарды, құрғақ шөптерді жағу, құрғақ өсімдіктерді жағу, белгіленбеген жерлерде темекі шегу.

Саяжай учаскелерінде ғимараттар, саяжай учаскелері арасында шөп шабу арқылы өртке қарсы үзілістерді жабдықтау, саяжай учаскесінде өрт сөндіруге арналған су қоры болуы қажет.

Рұқсат етілмеген күйдіру, от жағу, құрғақ шөптің бақылаусыз жануы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз.

Жүргізілген профилактикалық рейдтердің нәтижесінде облыста құрылған мобильді топтар әкімшілік жауапкершілікке тартылған 55 бұзушыны анықтады.

           Өрт анықталған жағдайда дереу "101" және "112"телефондары арқылы хабарлаңыз.