Бұзау су іздеймін деп, батпаққа батты. Жақын жерде жұмыс істейтін ер адамдар жануардың 2 сағаттан астам уақыт бойы балшықтан өздігінен шыға алмайтынын көріп, құтқарушыларды шақырды.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлеріне жабысқақ балшық жануарға жақындауға мүмкіндік бермеді. Құтқарушылар бұзауға көмек көрсету үшін ағаштардан саты жасап төсеуге мәжбүр болды. Оны арқанмен байлап, ТЖ қызметінің қызметкерлері жүкшығырдың көмегімен "байғұс бұзауды" қауіпті аймақтан шығарып, оны құрлыққа жеткізді. Бұзау абайлап тұрып, ақырын маң-маң басып үйіне кетті. Құтқарушылар оны біраз уақыт еріп жүрді, ал бұзау болса жолда келе жатып: "Рахмет, мен үйге баратын жолды білемін!» дегендей болды.
Құтқару операциясы сәтті аяқталды. Жануар зардап шеккен жоқ.
"112" қызметіне келесі қоңырау көпқабатты үйдің тұрғындарынан келіп түсті, олар өз үйлерін бетон плиталарының арасына ұя салған ызылдаған "көршілер" - аралардан құтқару керек деп хабарлады. Құтқарушылар қарапайым түрде, полиэтилен пакетін пайдаланып, ұяны алып тастады.
Қазір тұрғындарға қауіп жоқ.
Төтенше қауіп кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.