Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданының тауларында отпен күрес жалғасуда

Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданының тауларында отпен күрес жалғасуда

Катонқарағай ауданындағы Берел орманшылығының аумағындағы жартасты, таулы, қол жетпейтін жерлердегі өртті сөндіру жалғасуда.

1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта  жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды. 

Орманшылар мен өрт сөндірушілер атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен жану орнына жетті.

Қазавиаорманқорғау МИ - 2 тікұшағы ауадан жағдайды үнемі қадағалап отырады.

Қорғаныс министрлігінің Ми-171 т мен ШҚО  әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары 19 рет су ағызып, отқа 50 тоннаға жуық су құйды.

155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ сөндіруді жалғастыруда.