«Партия «АMANAT»ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесіне ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері белсене қатысты, сол жерде барлық ниет білдірушілерге өрт сөндіруші-құтқарушысы және өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші қызметкері лауазымдарына жұмысқа орналасу мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Аталған жәрмеңкеде азаматтар өзерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды. Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері азаматтық қорғау органындағы қызмет өтілінің артықшылығы туралы айтып берді:
- қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының мөлшерін ұлғайта отырып, тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыру жәрдемақысы, мансаптық өсу;
- арнайы атағы мен өтіліне байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.
ШҚО ТЖД-де жұмыс істегісі келетіндерге Өскемен қаласы, Протозанов көшесі 97/1 мекенжайы бойынша немесе 25-07-94 телефоны бойынша хабарласа алады.